{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Рим папасын қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Рим папасын қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Рим папасын қарсы алды

Араға 21 жыл салып, астанаға бүгін тағы Рим папасы келді. Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері VII съезінің құрметті қонағын елорда әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.

Италияның туы бейнеленген қою көк түсті ұшақ бас шаһардың әуежайына кешкі сағат бес жарымдар шамасында қонды. Бұл кезде Рим папасы Францискті президенттік терминалдың Каминді залында екі елдің делегация мүшелері күтіп тұрған.

Әуежайда амандасып, аз-кем аялдаған понтифик пен президент кортежі Ақордаға ат басын бұрды. Резиденцияда Рим папасының құрметіне Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің мемлекеттік әнұраны орындалды.

Католик шіркеуі басшысының Ақордадағы кездесуден кейін бүгін басқа да шаралары жоспарланған. Ал ертең мыңдаған адамның алдында қасиетті мессаға қатысып, Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің жетінші съезіне барады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.