{metadescription}
Елордада әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері VII съезінің хаттамасы қабылданды
Елордада әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері VII съезінің хаттамасы қабылданды

Елордада әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері VII съезінің хаттамасы қабылданды

Ертеңгі шара алдында елордада әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері жетінші съезінің хаттамасы да қабылданды. «Форумның мақсаты - қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілікке шақыру», - деді Сенат спикері алғысөзінде. Сондай-а, пандемиядан кейінгі әлемнің қайта дамуы да съездің басты тақырыптарының бірі болмақ.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

- Бұл коронавирус пандемиясы басталғалы алғаш рет өткізіліп отырған әлемдік және дәстүрлі дінбасылар съезі. Індет кезінде бізге диалог, қарымқатынас жетіспегені сөзсіз. Съезд рухани көшбасшыларға тікелей сұхбат құруға, дінаралық және өркениет аралық диалогты нығайтудың маңызды мәселелерін бірлесіп қарайды. Сондай-ақ әлемді алаңдатқан мәселелерді бірлесіп талқылауға үлкен мүмкіндік.

Сенат спикерінен бөлек, жиынға ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм дін өкілдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыста сөз алған діндарлар Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікке қосып жатқан үлесіне оң бағасын берді.

Әлемдік және дәстүрлі дінбасылардың VII съезі ертең және арғы күндері елордада өтеді. Форумға әлемнің 50 елінен 100-ге жуық делегация қатысады. Құрметті қонақтардың арасында Рим папасы Франциск бар. Понтифик мінген ұшақ бірер сағат бұрын ғана елорда әуежайына қонды.

Раввин Шломо Кук, Бас сефард раввинінің өкілі:

- Қазақстан өзгелерге нағыз қонақжайлық пен кеңдіктің үлгісі бола алады. Сіздің ел үшін өткен жыл оңай болмады. Бірақ жаратқанның қолдауы және көшбасшылықтың арқасында оның барлығынынан өте білдіңіздер. Осындағы достарым да менің ойыммен келіседі деп ойлаймын. Әлемдегі бейбітшілік үшін осынша күш жұмсайтын мемлекеттің тұрғындары тек жақсыға лайық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде