Ақтауда аудан әкіміне ұқсайтын азамат күзетшіні ұрған
Ақтауда аудан әкіміне ұқсайтын азаматтың күзетшіні ұрып жатқан видеосы таралды. Желі қолданушылары жұдырығы жуан адам – Маңғыстау ауданының әкімі дейді.
13.09.2022
Ақтаудағы элиталы үйлердің автотұрағында түсірілген видеода Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетовке ұқсайтын біреудің күзетшімен салғыласып жүргенін байқауға болады. Артынша, ашуға булыққан азамат күзетшінің жағынан салып қалған. Алайда Маңғыстау облысының әкімдігі видеодағы азаматтың нақты кім екенін айта алмай отыр. Десе бұл кикілжіңге Тілек Көшмағанбетовтің қатысы бар-жоғын анықтау үшін қызметтік тексеріс жүргізбекші.
Ғалия Кенжебаева, Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы:
- Аталған бейненің сапасы нашар, анық көрінбеуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды. Нәтижесі алдағы уақытта хабарланатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!