{metadescription}
Ақтөбеде мүгедек балалардың интернатын тексергендер күйініп кетті
Ақтөбеде мүгедек балалардың интернатын тексергендер күйініп кетті

Ақтөбеде мүгедек балалардың интернатын тексергендер күйініп кетті

Ақтөбедегі мүгедек балаларға арналған интернат көшірілетін болды. Себебі: осыған дейін қызметкерлерден таяқ жеп келген науқас бүлдіршіндердің емделуіне еш жағдай жасалмаған. Орталықта тексеру жүргізгендердің өзі бөлменің тарлығы мен жиһаз жоқтығына күйініп отыр.

Бекзат Көшербаев, Астана ауданы прокурорының орынбасары:

- Оңалту орталығында кәмелетке толмағандар тиісті массаж кабинеті, емдеу, дене шынықтыру кабинеті, асханамен қамтылмаған. Тиісті жиһазы да жоқ, осындай деректер анықталды. 

Ақыл-есі кем, сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндер бес жыл бойы жекеменшік бейімдеу орталығында тәрбиеленген. Кейін әкімдік келісімшарт мерзімінің аяқталғанын айтып, балаларды сәбилер үйі ғимаратының бір жақ бөлігіне орналастырған. Прокурорлар бұл заңға қайшы деп отыр. Онымен қоса мүгедек балаларды тәрбиешілері тоқпақтап келген. Ұрып-соғып, жәбір көрсеткенін екі санитар сотта кінәсін бірден мойындап, бұған дейін жазасын алды. Жарымжан бүлдіршіндерге жұдырығын ала жүгіретін интернаттың тағы бір қызметкерінің ісі сотқа жеткен. Үкімі жақында шығады.

Ал шенеуніктер арнайы интернатқа әлі күнге дейін бөлек ғимарат таба алмай отыр. 

Эльмира Сүйіншалина, Ақтөбе облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- Балаларды орналастыруға бізде әзірге ғимарат жоқ. Тап қазі қандай шара істейтінін айта алмаймын. Бұл бағытта жұмыс жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде