{metadescription}
Төрт күндік жұмыс күні: Қанша сағат жұмыс істейміз?
Төрт күндік жұмыс күні: Қанша сағат жұмыс істейміз?

Төрт күндік жұмыс күні: Қанша сағат жұмыс істейміз?

Жаңа ұсынысты жұртшылық қалай қабылдады? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылдан бастап төрт күндік жұмыс аптасы енгізілетінін мәлімдеген. Заңға енгізілетін өзгеріске сәйкес, қызметкердің бастығынан жұмыс кестесін өзгертуін өтінуге құқығы бар екен.

Төрт күнде қанша сағат жұмыс істеуге тура келеді? Жаңа бастаманың ерекшелігі қандай? 

Төрт күндік жұмыс кестесіне көшу бастамасы қазір қай жерде болмасын қызу талқыланып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы, бірақ бәріне майдай жақпады. Мәселен, Қарағандыдағы тігін фабрикасы аптасына бес күн жұмыс істеуге машықтанған. Ал ережені өзгертуге басшылықтың құлқы жоқ.

Владимир Алескеров, тігін фабрикасының директоры:

- Қазіргі жағдайымызға қарап өзгеріске дайынбыз деп айта алмаймын. Өйткені барлық өндірісті қайта жаңа кестеге сәйкестіндіру қажет. Бұл айтуға ғана оңай. Қалай жұмыс істеу керек екенімізді өзіміз шешіп аламыз. Әр саланың өз қиындығы бар. Соған қарап шешім қабылдау қажет.

Ұсыныста жұмыс күні қысқарады деп көрсетілген. Бірақ одан жұмыс сағаты азаймайды. Аптаның бесінші күнін отбасыға арнау үшін бәрібір 40 сағат еңбектенуге тура келеді. Яғни жаңа кесте бойынша әдеттегі сегіз сағатқа қосымша екі сағат қосылады. Кәсіподақтар федерациясы талқыға түскен бастамадан оң өзгеріс күтуге болады деп топшылайды.

Нұрлан Өтешев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

- Оны кәсіподақ өзі жұмыс берушімен келісімсөз арқылы шеше алады, не жеке қызметкер өз жағдайын түсіндіріп, жұмыс берушіден сондайды сұрауы мүмкін. Не болмаса жұмыс беруші өзінің өндіріс процестеріне қарап, қызметкерге ұсына алады. Бірақ қызметкер одан бас тартуға толық құқығы бар.

Министрлік бұл ұсынысқа қарсы шыққандар аптығын бассын дейді. Төрт күндікке көшуге міндеттеу жоқ. Әр мекеме өзі шешеді. Жаңа формат туралы пікірдің екіге жарылуы заңдылық екенін айтады.

Шалқар Оразбеков, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент басшысы:

- Министрлік халықаралық тәжірибенің, құқық қолдану практикасын және азаматтардың тікелей ұсынысы негізінде Еңбек кодексіне бірқатар түзету жобасын әзірледі. Оның ішінде енгізіліп отырған жаңа жұмыс режимі бес күндік, алты күндік жұмыс аптасын кезектестіре отырып, төрт күндік жұмыс аптасын енгізу. Қазір бірқатар кәсіпорын осындай жұмыс режиміне көшкен. Оның ішінде кеңсе қызметкерлерімен осы ұсыныс негізінде аталмыш жұмыс режимі әзірленді.

Толықтырулар енгізілген заң 2023 жылы күшіне енеді. Оған дейін кәсіпорындардың ойлануына уақыты бар. Қалай дегенмен, қатардағы жұмысшылардың төрт күндік жұмыс аптасын бірауыздан қолдайтыны сөзсіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.