{metadescription}
Президент өкілеттігін жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді қолдайсыз ба?
Президент өкілеттігін жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді қолдайсыз ба?

Президент өкілеттігін жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді қолдайсыз ба?

Президент өкілеттігін жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді көпшілік те қолдап отыр.Тұрғындар мемлекет басшысының жаңа реформаларды қолға алып, жүйелі жұмыс атқаруына жеті жыл жеткілікті деп санайды.

- Бір мезгіл жеті жыл отырған дұрыс емес пе? Көп дүние атқарып істей алады деген ойдамын. Одан кейін келесі президент келіп істейді. Жаңа реформаларды жасау үшін осындай қадамды батыл әрі нық қадам деп білемін. 

- Бірнеше жыл, екіүш мерзім президентке дұрыс емес, менің ойымша. Жеті жыл президентке лайық мерзім. Ойлаған ойын орындауға, пікірін халыққа түсіндіруге және де ел дамиды деп ойлаймын. Президентіміздің осы бастамасы әбден дұрыс. Қолдаймын.

- Жеті жыл бірақ рет сайланатын болса, дұрыс нұсқа деп ойлаймын. Жеті жылда талай нәрсеге жетуге болады. Өйткені өзгеріс болу керек. Елге жаңашылдық керек қой. Бір адамның өте ұзақ отыруы жаңашылдық алып келеді деп ойламаймын. Әр адам ауысып отырса, идея да, жаңашылдық та енеді деп ойлаймын.

- Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі атқарған, бастаған саясатын, бағыттарын аяғына дейін жеткізсе деп ойлаймын. Ол кісі енді ғана бастады ғой, іс-шарасын. Қазір де сайланса, өз саясатын аяғына дейін жеткізіп, халқымызға жұмысын көрсетіп атқарса деймін. Ары қарай жеті жыл басқа президенттер сайланса, Тоқаев бастаған саясатты басқа басшылар алып кетеді деп ойлаймын.

- Жеті жыл халықтың жағдайын жақсартуға, алған мақсаттарын орындауға жететін шығар деп ойлаймын. Жеті жылда біраз нәрсені атқаруға болады ғой. Сайлауға, әрине, барамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде