{metadescription}
Президент мандатын жеті жылдық бір мерзіммен шектеу сайлауға дейін қабылданады
Президент мандатын жеті жылдық бір мерзіммен шектеу сайлауға дейін қабылданады

Президент мандатын жеті жылдық бір мерзіммен шектеу сайлауға дейін қабылданады

Президент мандатын жеті жылдық бір мерзіммен шектеу алдағы сайлауға дейін қабылданады. Мұндай өзгерісті Конституцияға енгізу үшін Мәжіліс тиісті заң жобасын дайындаған. Оған сәйкес, президент енді бір мерзімге ғана сайлана алады.

Ал түзетулерді күзге белгіленген сайлауға дейін енгізудің маңыздылығын Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев былай түсіндірді.

Ержан Жиенбаев, ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары:

- Заң жобасында Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі туралы және оның бір реттен артық сайлана алмайтыны жөніндегі нормаларды кейін өзгертуге жол бермейтін ереже енгізу де көзделген. Бір адамның бір рет қана сайланатыны туралы норма Конституцияға енгізілетін түзету күшіне енгеннен кейінгі президент сайлауында Мемлекет басшысы болып сайланатын адамдарға қолданылады. Конституцияға түзетулер алдағы сайлауға және Президент жеті жылдық мерзімге сайланғанға дейін қабылданса, осы жолы Президент атанатын азамат үшін және одан кейінгі барлық Мемлекет басшылары үшін президент сайлауына қайта қатысу мүмкіндігі заңмен шектеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.