Ақмола облысы: Бестөбеде алтын өндіретін жасырын цех табылды
Ақмола облысының Бестөбе кентінде алтын өндіретін жасырын цех табылды. 33 жастағы күдікті қондырғыларды қолдан жасап, қорасында алтын шайған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.09.2022
Ауладағы сарайда қондырғының түр-түрі тұр. Құрылғылар электр қуатымен жұмыс істейді. Құрамында алтыны бар тасты уату үшін үгіндіні жуып, алтын шыққанша өңдейтін бұл қондырғылардың бәрін үй иесі қолдан құрастырған. Ал құрамында бағалы металл бар кенді қайдан алғаны белгісіз. Заңсыз кәсіппен қашаннан бері айналысқаны да анықталып жатыр.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Степногор қаласының полицейлері жасырын цехта кварц кенін өңдеп жатқан Бестөбе тұрғынын ұстады. Қылмыстық іс қозғалып, бағалы металлдың заңсыз айналысы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңсыз цех тәркіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!