Рим папасы қазақ елінде екінші рет месса рәсімін өткізді
Рим папасы елордадағы ЭКСПО алаңында месса рәсімін өткізді. Католиктерге қасиетті саналатын бұл шараға шамамен 10 мыңдай адам жиналған.
Автор: Елдос Есенбол
14.09.2022
- Аса құрметті Папа Франциск! Қазақстан және Орта Азия католиктері Қазақстанға келгеніңізге алғыс білдіреді. Бүкіл әлемде бейбіт өмір және бірлік болсын деп, бата беріңіз.
Келгендердің арасында алыс-жақын шетелден келгендер де бар. Мысалы: Ресей, Германия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары. Сондай-ақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен Рим папасы өткізетін рәсімге қатысуға арнайы елордаға табан тірегендер де жетерлік. Кейбіреулер тіпті бала-шағасын да ерте келген. Мәселен, Қарағанды облысынан 350 адам жеткен екен. Бұл Рим папасының қазақ елінде екінші рет месса рәсімін өткізуі.
21 жыл бұрын Екінші Иоанн Павел де католиктердің қасиетті рәсіміне қатысқан. Қазір елімізде осы сенімнің шамамен 180 мыңдай өкілі бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!