{metadescription}
Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай ушығып тұр
Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай ушығып тұр

Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай ушығып тұр

Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай ушығып тұр. Кешелі бері екі жақтың әскерилері атысқан. 

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметке қарағанда, «Достық» заставасы нысанаға ілігіпті. Қырғыз тарапы да қарсы қару қолданған. Мәлімдемеде атыс әлі жалғасып жатыр деген.

Ал Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті атысты қырғыз шекарашылары бастады деп айыптады. Тіпті олар шекараға қосымша күш тартып жатыр дейді. Қақтығыс болған аймақ таулы жерде орналасқандықтан, онда бейбіт халық тұрмайды. Соңғы жеткен ақпаратта екі тарап атысты тоқтату туралы келіссөз жүргізуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.