{metadescription}
Блиц: Тұрғындардың кезектен тыс өткізілетін сайлауға қатысты ойы
Блиц: Тұрғындардың кезектен тыс өткізілетін сайлауға қатысты ойы

Блиц: Тұрғындардың кезектен тыс өткізілетін сайлауға қатысты ойы

Конституциялық кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысына қатысты шешім қабылдады. Президенттік мерзімді жеті жылға ұзарту және елордаға бұрынғы атын қайтару Конституцияға қайшы емес делінген Кеңес мүшелерінің шешімінде. Бас қаланың атауына қатысты жергілікті мәслихат ертең жиналады.

Ал жұмаға парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы жоспарланған. Жалпы, президент өкілеттігін 7 жыл әрі бір реттік қып өзгерту бастамасын көпшілік қолдап отыр. Бұл Қазақстанды демократияландыру қадамының бірі және жаңа саяси реформаларды жүзеге асыруға жеткілікті уақыт деп есептейді. Тұрғындар осы күзде кезектен тыс өткізілетін сайлауға қатысты ойымен бөлісті. 

- Жалпы менің пікірім – оң. Себебі, жаңа Қазақстанды құру үшін жаңа леп керек, жаңа саяси элита керек. Сонымен қатар бұл саяси процесті жандандыру үшін керек. Бүгінде президент өзінің нық бағдарламасын, көрсетті, соны дәлілдеді. Болашақта бір адамның қолына билік ұзақ уақыт болмас үшін. Жеті жылдық кезеңде өз позициясын көрсетіп, соны айқындап, нақтылап көрсеткісі келеді ғой деп ойлаймын. Сондықтан да, жалпы, өз басым жаңа Қазақстанның сайлаудағы бастамасын қолдаймын.    

- Негізі өте дұрыс нәрсе деп ойлаймын. Өйткені әр адамның, президенттің орнында отырғысы келетін адамдар бар болса, талабына сай мүмкіндік берілуі керек. Бір адам былай істеп, жақсартып отырса, басқа адамның идеялары басқа шығар.

- ҚасымЖомарт Тоқаевтің өзі айтқан идеялары күшті. Енді ары қарай көреміз ғой, тірі болсақ, 70-ке келдік. Ары қарай сайланғаны да жақсы болар еді. Халық біледі ғой. Қуат алып келе жатыр. Халыққа көмегі де тиді. Ол жақсы президент болады.

- Жеті жыл деген біраз уақыт. Оған дейін жоспарын, алдына қойған мақсаттарына үлгереді деп ойлаймын. Содан кейін, бірақ рет деген дұрыс.

- Қазақстан азаматы болғаннан кейін, сайлауға қатысу – парызым. Жеті жыл деген кәдімгідей үлкен аралық. Оның арасында қаншама іс істеуге болады. Біздің президентіміз Тоқаев болғаннан кейін, үлкен үміт күтіп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде