Түркістанда жөндеп жатқан баспаналар қайта бұзылып жатыр
Артық қыламын деп тыртық қылды. Түркістан қаласында тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасымен жөнделіп жатқан баспаналар бүлініп жатыр. Міндетті мойнына алған мердігер компаниялар жұмысты аяқтамай, тұрғындар аңғал-саңғал құрылысқа ақша төлеп жатырмыз дейді.
Автор: Бек Әбиев
14.09.2022
Дана Төреханова, Түркістан қаласының тұрғыны:
- Сонда бір қандай жөндеуге ақша төлейін деп жатырмыз? Мен түсінбедім соны. Е, есік жоқ, е, жөндеу жоқ. Бәрінің төбесінен су ағып көгеріп жатыр. Сонда қайдағы жөндеу, мен түсінбедім! Әкімшілікке бәрі жиналып барып жатыр. Айтып жатыр. Білмеймін. Болды, барады, қатырады.
50 жыл бұрын салынған қос қабатты үйді жөндеу былтыр басталған екен. Баспаналардың шатырын ашқанымен, жұмыс дер кезінде бітпеген. Соның салдарынан қыста пәтерлері сыз тартып көгеріпті. Есік-терезелердің бұзылғанына да екі жыл болған. Подъездердің ішін қырғанымен, қайта сыламапты. Тіпті ашық-шашық жатқан электр сымдары адам өміріне қауіп төндіреді дейді тұрғындар. Ал құрылысшылар бір күн істесе, айлап көрінбейді деп налиды. Кәріз жүйесі де істен шыққан соң, нәжіс суы есік алдына ағып жатыр.
Шенеуніктер мен мердігерлер осы айдың соңына дейін мерзім бар екенін айтып ақталуда. Былтырдан бері бітпеген жұмыс жақында аяқталады деп ант-су ішті мердігер компанияның өкілдері.
Нағашыбек Әбдубаев, мердігер компанияның өкілі:
- Бұл жерде 50 адам істейтін жұмыс жоқ, мысалы, қарасаңыз. Қол астымда 15 адам жұмыс істеп жатыр. 15-нің 15 түрлі бала-шағасы, отбасы болды. 15-і бір күнде жұмыс істемейді ғой. Біреуі келеді, істеп кетеді. Үкіметтің жұмысын істеп жатқан жоқ. Сол себепті сондай.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!