Қытаймен шекарада миллиард теңгенің ірі контрабандасы әшкереленді
Жымысқы әрекеті жүзеге аспады. Қытаймен шекарада миллиард теңгенің ірі контрабандасы ұсталды. Құжатта мата деп көрсетілгенмен, контейнерді тексергенде өзге тауар шыққан.
Автор: Асқарбек Қазанғап
14.09.2022
Тексеру нәтижесінде көліктің ілеспе құжаттарында мәлімделмеген бірнеше тауар шықты. Мысалы, әйелдердің тері күртешесі, джинсы, футболка. Мына жерде – тон.
Осылайша «Алтынкөл» бекетінде кеден заңнамасын бұзды деген күдікпен алты теміржол контейнері ұсталды. Жалпы салмағы 137 тонна. Ондағы декларациясы жоқ тауардың кеден құны 1 миллиард теңгеден асады. Аталмыш контейнерлер Қытайдан Ресейге транзит дәліз арқылы бет алған. Қазір мата деп көрсетіп, өзге тауарды өткізбек болғандардың ісін Жетісу облысы экономикалық тергеу департаменті қарап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!