Жамбыл облысының полиция департаменті тойда атылған оққа қатысты түсініктеме берді
Жамбыл облысының полиция департаменті желіде шу болған видеоға қатысты түсініктеме берді. Құзырлы орган өкілдері көшеде автоматтан оқ жаудырған азамат тәртіп сақшысы емес дейді.
Автор: Руслан Әбдіхалық
15.09.2022
Бұл көрініс әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Таратылған мәліметте полиция қызметкері үйлену тойында аспанға автоматтан оқ атты делінген. Және оның қолындағысы Қаңтар қырғыны кезінде қолды болған қару екені айтылуда. Полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарып, кадрдағы жігіттің 28 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екенін анықтапты. Оның ішкі істер саласына мүлдем қатысы жоқ дейді. Ал «Сайга» аңшы қаруы өз атына тіркелген. Оны қолдануға өткен жылдан бері рұқсаты бар көрінеді.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Қару тәркіленіп, сотбаллистика сараптамасы тағайындалды. Күдікті сот шешімімен үй қамаққа алынды. Оның кінәсі дәлелденген жағдайда, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын хабарлаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!