Қазақстан президенті Самарқанда өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады
Қазақстан президенті Самарқанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысады. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мерзиеев телефон арқылы алқалы жиынның күн тәртібін талқылап алған еді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
15.09.2022
Өзбекстанның Самарқан қаласында өтетін екі күндік саммитке Ұйым лидерлері 2019 жылдан бері алғаш рет бірге жиналады.
Өзбек жеріне кеше түннен бастап мемлекет басшылары ұшып келіп жатыр. Қазақстандағы мемлекеттік сапарын аяқтай сала, Қытай төрағасы Си Цзиньпин бірінші болып жетті. Ал бүгін Ресей, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Түркіменстан, Беларусь президенттері келді.
Александр Лукашенконың бұл саммитке келуі тарихи маңызға ие. Өйткені Беларусь шілде айында Ұйымға мүше болуға өтініш білдірген.
Ал Иранның өтінішіне қатысты осы саммитте шешім қабылданбақ. Тағы 10-нан астам ел Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрамына өтуге ниетті. Саммиттің бүгін, бірінші күнінде мемлекет басшылары келіссөздер, кездесулер өткізді. Ертең әртүрлі саладағы жаңа даму келешегін талқылап, Ұйымның төрағалығына ие болатын жаңа елді анықтайды. Себебі, Өзбекстан бұл саммитте ұйымға төрағалығын аяқтайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!