Президенттік мерзімді 7 жылға ұзартуға қатысты қазақстандықтардың ойы
Жаңа Қазақстанның бағытын айқындайтын қарышты қадам! Кезектен тыс өтетін президент сайлауы қазір ел аузында. Әсіресе президенттік мерзімді 7 жылға ұзартуға қатысты қазақстандықтардың ойы бір арнада тоғысып жатыр. Бір мерзімге сайланғанмен, жеті жылда жемісті жұмыс істеуге болады деген отандастарымыздың ойын тыңдап көрсек.
Автор: Асқарбек Қазанғап
15.09.2022
- Менің өз ойымша, оның артықшылығы, бір реттік дегенде бұл жеті жылда президенттің өзінің қолға алған міндетін атқаруға мүмкіндік туады. Әйтпесе, одан қысқа болса, ол мүмкіндік болмайды. Сондықтан бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын.
- Жаңа Қазақстан жастардың қолында демекші, президентімізді қолдауға жастар бару керек, қолдау керек. Жақсы таңдау жасауымыз керек.
- Мысалы, Американың тәжірибесіне қарағанда, оларда президент екі рет сайланады, сонда сегіз жыл. Біздікімен салыстырғанда, жеті жылдың ішінде өзінің қойған мақсаттарына жеткізеді деп өзім ойлаймын.
- Әр азамат баруға тиіс. Егер әр адам септігін тигізбесе, қалайша біздің мемлекет өзгереді? Халық – мемлекет қой.
- Әсіресе заң шығарушы органдарға көбірек құқық беру керек деп ойлаймын. Жалпы көп болып атсалысу керек, бір адамның қолында болғанда жұмыс бітеді деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!