{metadescription}
Ақтөбе: Өрлеу тұрғындары мал жаятын жер таппай отыр
Ақтөбе: Өрлеу тұрғындары мал жаятын жер таппай отыр

Ақтөбе: Өрлеу тұрғындары мал жаятын жер таппай отыр

Өрісі тарылған Өрлеу! Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары мал жаятын жер таппай отыр. Елдімекен айналысындағы телімдердің бәрі жеке адамдардың қолына өтіп кеткен. Олар жайылымды  карьерге айналдырып қайыр құмын алып жатыр. Соның салдарынан өрлеуліктер төрт түлікті қорадан шығарудан қалдық деп күйінеді.

Ақтөбе іргесіндегі Өрлеу ауылында 400-ге жуық шаңырақ бар. Әр үй бір-екі мүйізді ірі қара мен санаулы жандық ұстайды. Бірақ жыл өткен сайын мал бағу қиындап кеткен, өйткені елдімекен айналасында оңды жайылым қалмаған.

Жайылымға қатысты жанайқайын жеткізуге өрлеуліктер ауылдың орталығына жиналды. Мал жаятын жер таба алмай кезекке қосқан қой-қозыны, табындағы сиырын Елек өзенінен асырып жіберетін болған. Ал ауыл маңында карьерлер қаптап, құмын тасып жатыр.

Асан Сыйықов, Өрлеу ауылының тұрғыны:

- Қазақ малсыз өмір сүрмейді, оны білесіздер. Бір жағынан мал бағудан қалдық. Бала-шағамызды қалай бағамыз? Бәрін қазып тастаған. Халықтан рұқсат сұрау керек қой.

Қазірдің өзінде Өрлеу маңында қайыр құм қазатын 9 карьер бар. Одан қалды 32 гектар жерді тал-терек өсіретін шаруашылыққа беріп жіберіпті. Ондағылар аумаққа мал кірсе айыппұл саламыз деп қорқытады екен. Ал шөпті құртқанымен қоймай, жерді тақырлап жатқандарға еш шара қолданбай отыр деп күйінеді Өрлеу тұрғындары. Себебі, ауылдағы құдықтан су қашқанын осы карьерлерден көреді.

Нұрболат Машанов, Өрлеу ауылының тұрғыны:

- Солтүстік айналмалы трассадан баста, ауылмен екі ортада бос жер жоқ. Барлық жер қазылып жатыр. Мына жерде төрт карьер бар. Былай тоғыз карьер екен. Енді жайылым жоқ. Ауылдағы құдықтардан су қашып жатыр.

Әкімдіктегілер ауыл малын жаюға 300 гектар бөлінгенін айтады. Бірақ оның қазір жетпейтінін мойындайды. Сондықтан қожалықтардың игерілмеген жерлерін сотпен тартып алып береміз деп отыр.

Нұржан Ешмұратов, Ақтөбе қаласы жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары:

- Осы ауылдың тұрғын массиві айналасында пайдаланбайтын жер учаскелері бар. Бүгінде соны қайтару жұмысын жүргізіп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер осы жылы мораторий тоқтатылды. Енжі сол жерлерді қайтарып, ауыл игіліне пайдаланатын боламыз.

Шенеуніктер тоғыз карьердің заңды жұмыс істеп жатқанын айтады. Ал жайылымға енді қанша жер қосып беретінін әзір нақты ешкім білмейді. Комиссия жұмысына енді кіріспекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде