БҚО: Теректіде екі отбасының қора-қопсысы мен шөбі жанып кетті
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауылында бір түнде екі отбасының қора-қопсысы мен 40 тонна шөп жанып кетті. Құтқарушылар бет қаратпайтын өрттен үйлерді әрең сақтап қалған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
15.09.2022
Өрт кешқұрым басталған. Қора жақтан шыққан от үйілген шөпке тиіп бірден күш алған. Көзді-ашып жұмғанша 25 тонна мал азығы күлге айналды. Артынша өрт көршінің қорасына жеткен. Ол жерде де жаздай шауып қысқа әзірлеген 17 тонна шөп болыпты. Құтқарушылар мен ауыл халқы жабылып жүріп өртті әзер өшірген.
Сағдат Әнес, БҚО ТЖД бас маманы:
- Өрт қатты желден Горький көшесіне тез тарап, екі шаруашылық құрылысы және 42 тонна шөп жанып кетті. Өрт 21 сағат 30 минутта оқшауландырылып, 00 сағат 55 минутта толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!