{metadescription}
Мәслихат депутаттары Астана атауын қайтаруды қолдады
Мәслихат депутаттары Астана атауын қайтаруды қолдады

Мәслихат депутаттары Астана атауын қайтаруды қолдады

Бас қалаға Астана атауын қайтаруды жергілікті мәслихат депутаттары қолдады. Олар осы мәселеге қатысты бүгін таңертең онлайн түрде әлеуметтік талқылау өткізген. Кешкілік елорданы Астана деп атауға бірауыздан келісті. Бұған негізгі себеп – халықтың талап-тілегі деп түсіндірді депутаттар.

Себебі, жыл басынан бері қалалық ономастика комиссиясына Астана атауын қайтаруды сұраған 17 өтініш түсіпті. Ал мәжілісмендердің бастамасынан кейін ниет білдірушілер саны тіпті көбейген. Ономастика комиссиясы арнайы сауалнама да жүргізіпті. Онда тұрғындардың 80 пайызы Астана деген атауды құп көрген. Енді елорда атауына қатысты мәселені үкімет жанындағы республикалық комиссия қарайды. Одан кейін президентке жолданады.

Осы айдың басында ғана «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы бас қаланы қайтадан Астана деп атауды ұсынған. Елордаға ескі де жаңа атауын қайтару үшін 2019 жылға қарағанда қаражат аз жұмсалады деп отыр қалалық әкімдік.

Сәкен Есіркеп, Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы:

- Бұған дейін 2019 жылы ауысқан кезде қала әкімдігі бюджетінен 30 миллионға жуық ақша кеткен. Бұл жерде түсініп алуымыз керек, тек маңдайша аттарын, бланк өзгертуге байланысты шешім болған. Қазір одан да аз болады деп жоспарлап отырмыз. Себебі, қазір бәрі цирфлық форматқа ауысып кетті. Мысалы, біз де ресми хат жазғанда бланкқа жазбаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде