{metadescription}
Оң рульді шетелдік көлік жүргізушілері наразылыққа шықты – Алматы
Оң рульді шетелдік көлік жүргізушілері наразылыққа шықты – Алматы

Оң рульді шетелдік көлік жүргізушілері наразылыққа шықты – Алматы

Бөліп-жармай, бәрін тіркесін! Алматыда рулі оң жақта орналасқан шетелдік көлік жүргізушілері наразылық білдірді. Армения, Ресей, Қырғызстан, Грузия нөмірін таққан көлік иелері: «Бізді де алаламай, есепке қойсын» деген талап-тілегін жеткізді.

«Машинамызды айып тұрағына тоғыта ма?» деп алаңдаған жүргізушілерді ішкі істер министрлігі байбалам салмауға шақырды. Жауапты ведомство шетелдік көліктерді тіркеу тәртібіне қатысты не айтты?

Сержан Айсаев жарты жыл бұрын несиеге ақша алып, Армениядан келген рулі оң жақтағы көлікті тізгіндеген. Сегіз адамға арналған кең машинасы бала-шағасы мен жұмысына да ыңғайлы. Құрылыс саласында нәпақа табатын көпбалалы әке рулінің қай жақта орналасқанына қарамай, бәрін тіркеуді сұрайды.

Сержан Айсаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Оң жақ, сол жақ деп бөлмей, барлығын тіркеп берсе. Бұл жердегілердің 80 пайызы несиеге алған. Менің төрт балам бар. Әкешешемнің қолында тұрамын. Шыны керек, жеңіл көлікке сыймаймын. «Айып тұрағына алып кете ме?» деген үрей болады. Барлығының жүрегінде сондай үрей бар. Сондықтан тіркеп берсе, өзіміздің қазақ нөмірін берсе, біз емін-еркін қорықпай жүретіндей.

Сержан сынды рулі оң жақтағы шетел нөмірімен жүрген жүргізушілер «айып тұрағына қашан алып кетеді» деген үреймен күн кешіп жүргенін айтады. Олар қазіргі көліктердің жаңасы мен ескісінің де бағасы удай деп ұлардай шулады. Сондықтан бәрі жүрісі жайлы әрі арзан Ресей, Армения, Қырғызстан, Грузиядан жеткізілген көлікті таңдаған. Жолдауды естіп қуанған жүргізушілердің көңілін Ішкі істер министрлігінің ақпараты су сепкендей басыпты.

Ерлан Шыбынтаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бұл қазақтың балалары еріккеннен алған жоқ қой, бұл көліктерді. Өзіміздің сатылып жатқан көліктерді білесіздер, бағасы қандай екенін. Бұл көліктерді көңілімізден шыққаннан кейін, бағасын қалтамыз көтергеннен кейін алдық. Балашағаны асыраудың қамы. Шыны керек. Сол көліктерді «енді жүргізбейді», «болмайды», «заңсыз» деген үкіметке сұрайтынымыз, бұрынғы көліктерді қалай қойып берсе, бізді де солай қойып берсін дегеннен басқа талабымыз жоқ.  

Жалпы алыс-жақын шетелден елге кіргізілген рулі оң жақтағы көліктердің жартысынан көбі жеті, сегіз орындық Минивэндер. Ауыл, аудан, одан қалды қала арасында жолаушы тасымалдап жүргендердің дені де осы машиналар.

Мұхит Есіркепұлы, Алматы қаласының тұрғыны:

- Оң жақ рульді көліктер қауіпті дейді. Бірақ осыған дейін өткен көліктер де жүр ғой, мысалы. Ол жүргізетін адамына байланысты деп ойлаймын. Мен бес миллионға алдым. Ал Қазақстанда бес миллионға ойдағыдай көлік ала алмайсың. Бұл бір жағынан жұмысқа, жанұямызға тиімдірек. Сапасы жағынан да жақсы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында

1-қыркүйекке дейін кіргізілген шетел көліктерін заңдастыруды тапсырған. Президент машиналарды тіркеу құны 200-250 мың теңгеден аспау кереін де айтты. Іле-шала ішкі істер министрлігі тіркеу тәртібін жариялады.

Алайда жауапты ведомство өкілдері рулі оң жақтағы көліктерді есепке қою мәселесі әлі пысықталып жатқанын жеткізді.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Заңдастыруға қылмыстық және кеден бақылауынан өткізілмеген автокөліктер кірмейді. Автокөлік шығарылған жылына және экологиялық санатына қарай талаптар жоқ. Қалған талаптар бойынша шешім қазір ұлттық және халықаралық заңнаманы ескере отырып қабылдануда. Полиция шетел автокөліктері бойынша ешқандай арнайы рейд жүргізбейді. 

Ішкі істер министрлігі шетел көліктерін келесі жылдан бастап есепке қоямыз деп отыр. Қазір 1-қыркүйекке дейін ел шекарасына кіріп үлгерген машиналардың тізімі жасалып, заңдастыру тәртібі пысықталуда.

Бір анығы, Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кірмейтін мемлекеттерден жеткізілген көліктердің иелері кедендік баж салығын міндетті түрде төлейді. Ал рулі оң жақтағы машиналар тіркеуге іліге ме, ол жағы әзірге белгісіз. Нақты шешім жыл соңында қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде