{metadescription}
Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам мерт болды
Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам мерт болды

Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам мерт болды

Қарағанды облысында жол апаты төрт адамның өмірін жалмады. Тағы сегізінің жағдайы ауыр. Оқиға Саран қаласының маңында болған. Жүк көлігі мен жолаушылар автобусы бетпе-бет соғылыпты.

Жол апаты тас жолдың жөнделіп қолдануға берілген тұсында болды. Болжам бойынша, арнайы техниканы тасымалдайтын ауыр жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Ал өз жолағында келе жатқан ПАЗ маркалы автобус ішінде «Қазақмыс» компаниясының дәрігерлері отырыпты. Қатты соққыдан екі көліктің жүргізушілері мен автобустың бір жолаушысы сол жерде тіл тартпай кеткен. Тағы бірі жолаушының демі жедел жәрдем көлігінде үзілді. Автобустағы қалған сегіз жолаушының үшеуі Приозерскіге, бес адам Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілген. Барлығының да жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

Серікбол Түсіпбеков, Балқаш қаласы ауруханасының директоры:

- Приозерск қаласындағы үш науқас санавияциямен Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы клиникаға жөнелтілді. Балқаштағы бес науқастың біреуінің жағдайы өте ауыр. Қалған төртеуінің жағдайы бірқалыпты ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде