{metadescription}
Есірткі шеккен жүк көлігінің жүргізушісі оқушыларды қағып кетті
Есірткі шеккен жүк көлігінің жүргізушісі оқушыларды қағып кетті

Есірткі шеккен жүк көлігінің жүргізушісі оқушыларды қағып кетті

Оралда жүк көлігі үш оқушыны қағып кетті. Апат мектеп аялдамасында болған. Тізгінге ие бола алмаған жүргізуші есірткі шегіп алыпты.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жолда тұрған автобустың алдынан үш оқушы жүгіріп шыққан. Осы кезде жүк көлігі оларды қағып өткен. Кейін 32 жастағы жүргізушінің марихуана шегіп алғаны анықталды. Зардап шеккен мектеп оқушылары 11, 12 және 13 жаста. Олар дереу  ауруханаға жеткізілді. Екеуінің миы шайқалып, басына зақым келген. Ал үшіншісінің аяғына ота жасалды.

Ескелді Жөкенов, БҚО көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері:

- Бірден қабылдау бөлімінен тез арада ота жасау бөліміне ауыстырылды. Ота жасалынды. Қазір барлығы бөлімшеде. Жағдайлары орташа ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде