{metadescription}
Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, 12 миллиардты өтеп берді
Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, 12 миллиардты өтеп берді

Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, 12 миллиардты өтеп берді

Алты айдан бері қамауда отырған Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, 12 миллиард теңгені өтеп берді. Оның сыбайластары да тағылған айыппен келісіп, мүліктік залал шығынының қалған 28 миллиард теңгесін өтейтін болды.

Адвокаттың айтуынша, күдіктілер мен «Қазақтелеком» арасында медиация  келісімі жасалған.

Белгілі кәсіпкер наурыз айында ұсталған болатын. Оған «Қазақтелеком» компаниясының қаражатын аса ірі көлемде жымқырды және лауазымын  асыра пайдаланды деген айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушылардың сөзінше, тергеу кезінде 240 миллиард теңгенің активтері мемлекет меншігіне қайтарылған.

Ал бүгінгі өтелген сома – мүліктік залал шығыны. Дегенмен іс мұнымен бітпейді. Антикор Қайрат Сатыбалдыға қатысты салықтан және кеден төлемдерінен жалтару дерегі бойынша да тергеу жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде