СҚО-да көмір тасымалдаушылар бағасын екі есеге өсірген
Солтүстік Қазақстан облысында көмірді көлікпен жеткізу құны қымбаттады. Тасымалдаушылар бағасын екі есеге өсіріп жіберген. Енді тұрғындар қымбатшылық кесірінен қыста жылусыз қаламыз ба деп қорқады.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.09.2022
Анастасия Саратовцева, Бескөл ауылының тұрғыны:
- Бескөлдің қаламен арасы 15 шақырым ғана. Осының өзіне көмір жеткізу бағасын шарықтатып жіберді. Былтыр жай жүк көлігіне 8 мың, ЗИЛ-ға 10 мың теңге төлейтін едік. Ал биыл көмір тасуға 15 мыңнан 20 мың теңгеге дейін сұрайды. Бұл ақшаны да азсынады.
Әкімдік ақпаратына сенсек, аймақтағы жеке сектордағы халықтың жартысы көмірмен қамтылыпты. Шұбаркөлдің көміріне сұраныс жоғары. Петропавл шетіндегі қоймада отынға кезекте тұрған көлік көп. Жүргізушілер көмірдің тиелуін күтіп сағаттап тұрамыз деп шағымданады. Сондықтан тасымал бағасын қымбаттауға мәжбүр. Тұрғындардың шағымынан соң, отын тасымалына қатысты дауға аймақ басшысының өзі араласты.
Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі:
- Тасымалға кететін шығынды есептеу оңай. Оны көлікке тиеу мен түсіруі бар. Қаладан 15-20 шақырым қашықтыққа жүк тасу қанша ақшаға шығатынын да білемін. Сондықтан көмір тасымалы құнына қатысты үнемі мониторинг жүргізіп отыру керек. Бақылауды күшейтіңдер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!