Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ инвесторларын бірлесіп еңбек етуге шақырды
Саяси сенімді бекіте түсу үшін ынтымақтастық жобаларды көбейту керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ инвесторларын бірлесіп еңбек етуге шақырды.
Автор: Елдос Есенбол
20.09.2022
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Нью-Йорк қаласында жүр. Онда Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 77-ші сессиясына қатысуға арнайы барды.
Президент жаһандық қаржы ұйымдарының басшыларымен, ірі компаниялардың жетекшілерімен жүздесті. Көбінің штаб-пәтерлері
Нью-Йоркте орналасқан. Сондай алпауыт компаниялардың қызметкерлерінің қатарында өз отандастарымыз да бар. Google, Amazon, Facebook секілді ұжымдарда еңбек ететін қазақтың қыз-жігіттері де Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Бүгінде әлемнің әр түкпіріндегі беделді ұжымдарда еңбек ететін 400-дей қазақтандық жас бар. Мемлекет басшысы «Форбстың» үздік жүздігіне енген компания басшыларымен жүздесуде екі ел арасындағы
алыс-берісті нығайтуға инвестициялардың әсері зор деді. АҚШ тарапы да елімізге қаржы құюға ниетті. Мысалығ «Дженерал электрик» компаниясы медициналық құрылғылар шығаратын кәсіпорын ашуға ниетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Менің командамның инвестиция тартудағы тәжірибесі мол. Бұл компанияларыңызға аймақтың ең жылдам дамып келе жатқан экономикаларының бірінде бизнес жүргізуді жеңілдетеді. Бүгінгі кездесу саудаэкономикалық және инвестиция ынтымақтастығын ілгерілетуде, сондайақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуда нақты қадам болады деп сенемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!