{metadescription}
Атырауда аспаннан күл жауып жатыр
Атырауда аспаннан күл жауып жатыр

Атырауда аспаннан күл жауып жатыр

Атырауда аспаннан күл жауып тұр. Қаладан қырық шақырым жерде қамыс өртеніп, қара түтін шаһарды басып қалған. Жағдай ушығып бара жатқан соң өрт сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды.

Өрт қазірдің өзінде 60 гектар жерді шарпыған. Қызыл жалынды өшіріп жатқанда Тенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасы өртеніп кетіпті. Бүгін өрттің тағы екі ошағы анықталып, жалынды өшіруге тікұшақ жұмылдырылды. Ал қара түтін қалаға дейін жетіп, көшелерді күл басып қалған. Тұншыққан тұрғындар есік-терезесін аша алмай отыр. Десе де жергілікті билік елдімекендерге еш қауіп жоқ деп сендірді.

Нұрбол Жақанов, Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы:

- Осы уақыттарда аңша шыға бастайды. Осы уақытта өрт шығады. Өрттің шығу себебі осыдан деп ойлаймыз. Бүгінгі күнге дейін ауыздықтай алмау себебіміз. мына жақтағы жер батпақ, өрт сөндіру техникалары бара алмайды. Сосын қамыстың биіктігі шамамен үш-төрт метрді құрайды. Өрт сөндіру автокөліктері жете алмағаннан мүмкін болмай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.