{metadescription}
Министр Юрий Ильин қызметінен кетуге дайын
Министр Юрий Ильин қызметінен кетуге дайын

Министр Юрий Ильин қызметінен кетуге дайын

Төтенше жағдайлар министрі қызметінен кетуге дайын. Айдың басында Қостанай мен Шығыс Қазақстан облысында орман өрті өршігенде Юрий Ильин басқаратын ведомствоға біраз сын айтылған.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Мен туралы шешімді тікелей басшылық, яғни Үкімет пен мемлекет басшысы қабылдайды. Егер олар құзыреті жеткіліксіз деп санаса және менің отставкаға кетуім туралы шешім қабылданса, мен отставкаға кетемін.

Министрдің жұмыстан кетем деуіне күздің басында ырық бермей кеткен өрт түрткі болды. Өрт Қазақстанның бірнеше аймағында қатар тұтанған. Оның ең үлкені Қостанай облысында болды. Соның салдарынан 43 мың гектар күлге айналып, бірнеше ауыл тұрғыны жаппай көшірілді.

Қазір шығын есептеліп жатыр. Министрдің айтуынша, әзірге дала өртінің неден басталғаны белгісіз. Тексеріс бітпеген. Ол снаряд ұшқындарынан болуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.