{metadescription}
Алматы-Петропавл бағытындағы пойыздан өрт шықты
Алматы-Петропавл бағытындағы пойыздан өрт шықты

Алматы-Петропавл бағытындағы пойыздан өрт шықты

Алматы - Петропавл бағытындағы пойыздың шұғыл тоқтауына вагоннан шыққан өрт себеп. Тілсіз жау соңғы техникалық вагонның ішінен тұтанған. Қазір арнайы комиссия өрттің шығу себеп-салдарын анықтауға кірісті.

Осыған байланысты ертең Алматыдан және 23 қыркүйек күні Петропавлдан шығатын №105 жолаушылар пойызы кестеден алынып тасталды.

«Алматы-Петропавл» бағытындағы пойыз бүгін таңғы сағат төрт жарымда «Қарағанды-Астана» учаскесінде шұғыл тоқтаған. Отарбада барлығы 184 жолаушы болған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт шыққан тіркемеге жақын вагондардағы 50 адамды алдыңғы қатарға орналастырып үлгеріпті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Артынша барлығы Тальго пойызына мініп, діттеген жерлеріне жеткен.

Мәди Мұхамедқали, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

- Барлық жолаушы пойыз құрамында болды. Оқиға орнына Қарағанды стансиясының өрт сөндіру пойызы келіп, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір межелі станцияларға дейін жеткізу үшін жолаушыларды отырғызу жұмысы ұйымдастырылды. Тексеріс жүргізу үшін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясынан арнайы комиссия құрылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.