Елімізде сәби өлімі артып, ана өлімі төмендеген
Елде сәби өлімі өткен жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан. Жартысынан көп жағдайда шала туған нәрестелер шетінеген. Сүреңсіз көрсеткіш Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында.
Автор: Елдос Есенбол
21.09.2022
Ал ана өлімі екі жарым есегі төмендепті. Өткен жылмен салыстырғанда 58 пайызға аз дейді денсаулық сақтау министрі. Көп жағдайда Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарында босанған аналарды ажал аузынан алып қала алмаған. Оның жетпіс пайызында акушерлік асқыну себеп болды дейді Ажар Ғиният. Бұл жағдайды қатаң бақылауда ұстау керектігін премьер Смайылов та еске салды. Себебі ана мен баланың жайы кезек күттірмейтін мәселе. Ал министрдің өз айтары бар. Соңғы екі жарым жылдағы пандемия өлім-жітім көрсеткішіне біраз әсер етті дейді ол.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Шеттен келген инфекцияға байланысты екі жыл бойы халықтың арасында өлімжітім өскен. Біз брифингтерде ақпарат құралдарына шығып айтып отырдық. Алты айдың ішінде халықтың денсаулығы жақсарып, өлім-жітім азайып отыр. Бүгінде 15 пайыздан артық төмендеп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!