{metadescription}
Кентауда компания басшысы 20 жастағы жігітті балтамен ұрған
Кентауда компания басшысы 20 жастағы жігітті балтамен ұрған

Кентауда компания басшысы 20 жастағы жігітті балтамен ұрған

Әлеуметтік желідегі пікіріне бола балтамен ұрды. Кентау қаласында газ құбырын жүргізетін компания басшысы 20 жастағы жігітті сабап кеткен. Кикілжіңге әлеуметтік желідегі жазба себеп болыпты.

Жәбірленуші арзан бағамен газ жүргіземіз деген жарнаманың астына жағымсыз пікір жазған. Осыған ашуланған Жандос Сабыров Ислам Мырзахметовтің кеңсесіне келіп, оны балтамен ұрыпты. Бірақ полицейлер әлі іс қозғамаған. Есесіне ауруханадан енді шыққан жігіт жұдырығы жуан директордың туыстарынан құқай көріп отырмын дейді.

- Енді сіздер 95 мың емес, монтаждау жұмысын 75 мың теңгеден үйлеріңізге табиғи газды кіргізе аласыздар!

Кентауда газ құбырын жүргізетін компаниялардың бірінің директоры Жандос Сабыров жеңілдік бар екенін айтып, жарнамасын инстаграм парақшасына салады. Бірақ басшының айтқаны бәсекелестеріне ұнамай, өзге компанияның қызметкері Ислам Мырзахметов астына бірнеше пікір қалдырған. Тіпті жеңілдік дегені алаяқтық деп жазған. Осыған ашуланған Жандос Сабыров ертесінде балтамен ұрды дейді жәдірленуші.

- Е, сен, брәтішке, не істеп жүрсің, андаймындай деп басталды. Мына жерде тұрғамын. сол кезде ұрып бастады. Мен есікке қарай қашпақшы болдым, бір өзім ғой енді. Екіншісі аяқтан шалып құлатты, мына жерге. Жандос үстіме шығып ұрып жатты. Бастан теуіп басқан. Екіншісіне «балта әкел» деді. Балтаны әкелген соң, бастан ұрды, балтамен. Мына жерде тимей қалған іздері тұр ғой. міне.

Қансыраған жігіт өзін қорғамақшы болып жанталасып жатқанда кеңсеге адамдар келіп қалған. «Сөйтіп бір ажалдан аман қалдым» - дейді. Бірақ көп қан жоғалтып ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 20 жастағы  жігіт сәл кешіккенде, құтқара алмас едік дейді.

Асқар Жұмбеков, Кентау ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Оң білегінде, басында, сол алақанында балтамен шабылған жарақаттар бар. Науқасқа шұғыл түрде алғашқы хирургиялық өңдеу жасалынды. Оң білегіндегі жарасы үлкендеу, қан тамыры зақымданған. Егер дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе. қансырап науқастан көп  кетіп қалар еді.

Енді күніне екі рет жарақатын таңуға барып жүрген Исламның полицейлерге өкпесі қара қазандай. Себебі, қарулы шабуылды екі адам жасағанымен, бір ғана адам күдікті деп танылды дейді. Тіпті оның өзі қамалмапты. Оның үстіне балтамен ұрған жігіттің жақындары қорқытып жатыр дейді.

Ислам Мырзахметов, жәбірленуші:

- Ағаінілері шығып жатыр. Кешірім бер, болмаса, басыңа кірпіш түсіп кетеді немесе машина қағып кетеді деп қорқытып жатыр. «Қалада жүре алмай қаласың, Кентауда жүріп тұра алмай, жұмыс істей алмай қаласың, қоя сал» дейді. 200 мың теңге ұсынды. Ол ақша маған керек емес, рас. Ондай кісілердің отыратын жері– түрме. Бір апта өтті, бірақ Жандос бостандықта жүр. Тергелмеген.

Полицейлер:»Ислам ауруханада болған соң мазасын алғымыз келмеді», - дейді. Және істі қозғау сот-медицина сараптамасына байланысты деп отыр. Яғни қорытынды ауыр жарақат десе, қылмыстық іс қозғамақ, жеңіл десе, ары кетсе айыппұл саламыз дейді.

Бағлан Янкин, Кентау полция басқармасы бастығының орынбасары:

- Аталған оқиға бойынша жеңіл қылмыстық іс санатына жатады. Сол себепті қамауға алынбайды. Күдікті тарапынан қазір бізде түсініктеме алып, жауап алу хаттамасы алынған. Ал енді жәбірленуші тарапы қазір ауруханадан бүгін шығып отыр. Сотмедициналық сараптама тағайындалды. Денсаулығының ақауына байланысты қазір қосымша жұмыс жүргізіледі.

Ал балтамен шабуылдады деген директордың өзі жұмысында жоқ. Хатшысы бірнеше күнге іссапармен өзге өңірге кетті деді. Ислам Мырзахметов айыптаған директормен телефон арқылы тілдестік. Бірақ Жандос Сабыров айыппен келіспейтінін әрі ақ-қарасын тергеу мен сот қана айыратынын айтады.

Шабуылды көрген қос куәгер бар екен. Оның бірі директордың туысы екенін айтса, екіншісі полиция қызметкері болған соң. ашық айтып бере алмаймын дейді. Ал іс жылы жабылып кете ме деген Ислам мәселені прокуратура қадағаласа деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде