{metadescription}
БҰҰ: Қасым-Жомарт Тоқаев 30-ға жуық келіссөз жүргізді
БҰҰ: Қасым-Жомарт Тоқаев 30-ға жуық келіссөз жүргізді

БҰҰ: Қасым-Жомарт Тоқаев 30-ға жуық келіссөз жүргізді

Мемлекеттер егемендігінің теңдігі, территориялық тұтастықты құрметтеу және мемлекеттердің бейбіт өмір сүруі. Бұл үш қағидаттың өзара байланысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қазіргі таңда қайта қаралуы шарт.

Ол үшін Біріккен ұлттар ұйымына реформа керек. Ұйымның Бас ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген мемлекет басшысы шартарапқа қауіп төндіретін сын-қатерлерді жіпке тізді. Еңсеру жолдарын да ұсынды. 77-ші сессияда тағы не айтылды?

Коронавирус өршіген тұста Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының отырысы онлайн форматта өтті. Араға екі жыл салып әлем көшбасшылары биік мінберден адамзатқа маңызды деген мәселелерді талқылау үшін, өздерінің үндерін естірту үшін Нью-Йорк төріне жиналып арқа-жарқа болды. Бұл екі жылда бәрі өзгерді. Геосаяси ахуал қазір мәз емес. Жаһанды алаңдатқан тұрақсыздық түрлі қауіп-қатерді үдетіп отыр. Осындай қилы кезеңде өткен 77-сессиядан көптің күтер үміті көп.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының мінберінен сөз сөйлеуі алғаш рет емес. Президент әр сөзінде заманына қарай, оның проблемасын сөз етеді. Биыл талқыға салғаны – бір-біріне тәуелді үш қағидатқа негізделді. Ал бұл 1946 жылы жазылған Ұйым қағидаттары. Ол сақталғанда ғана адамзатқа пайдалы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бұл үш қағидат өзара бір-біріне тәуелді. Осы қағидаттардың бірін сақтау қалған екеуін ұстануды білдіреді. Ал олардың бірін бұзу басқа екеуін бұзған болып саналады. Дәстүрлі және ядролық қарусызданудың жаһандық жүйесі әлсіреген кезде аталған үш қағидатқа қауіп төнеді. Керісінше, үш қағидаттың түгел сақталуы олардың күшеюіне ықпал етеді. Бұл қағидаттар бірге кеңейтілген мемлекетаралық ынтымақтастықтың келесі үш деңгейіне негіз болады: субөңірлік, өңірлік және жаһандық. Бұл адамзатқа пайдалы. БҰҰ аясында бекітілген құндылықтар жүйесі әлемнің түпкіртүпкіріндегі миллиондаған адамға үміт сәулесі болып қала береді.

Пандемия мен қазіргі экономикалық және саяси текетірестердің күшеюі әлем дамуын бес жылға артқа шегеріп тастапты. Оның зардабын әсіресе әлсіз адамдар көріп жатыр. 220 миллионнан астам адам аштықтан бүгінде қырылуы мүмкін. Өз әлеуетін бұл тұрғыда Қазақстан пайдаланып көрмек. Еліміз жаһандық азық-түлік дағдарысымен күресу үшін әлемде астық тасымалының сенімді жеткізушісі болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Астық өндіруден әлемде жетінші орында тұрған менің елім – Орталық Азиядағы астық қоры ең мол мемлекет. Біз жаһандық азықтүлік тапшылығымен күресу үшін осы ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалануға дайынбыз. Қазақстан алдағы уақытта да астық пен басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің сенімді жеткізушісі болып қала береді. Сондай-ақ біз Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен, сондай-ақ БҰҰ агенттіктерімен ынтымақтастықты нығайтуға ниеттіміз. Бұл тұрғыда азық-түлік пен тыңайтқыштарды барлық санкциялар мен шектеулерден босату аса маңызды.

Бас ассамблея сессияларында қазақстандық тарап ядролық қаруға қарсы сөйлемей қалған кезі болған емес. Өйткені біздің халық оның кесірін көрген. Сондықтан қазақ басшысы еліміздің әлде де дролық қарудан азат әлем құру үшін жүргізіп жатқан күресін жалғастыратынын айтты. Сосын климаттың өзгеруі, әртараптандырылған жаһандық транзиттік және көлік инфрақұрылымының маңыздылығы хақында сөз сөйледі.

Сессия Біріккен ұлттар ұйымының бас мінберінен әлем көшбасшыларының кезек-кезек сөз сөйлеуі үшін ғана емес, Бас ассамблея аясында кездесулер мен келіссөздер жүргізу үшін де маңызды. Әр елдің басшылары орайы келгенде ұтымды сәтті пайдаланып ондаған жүздесу ұйымдастырды. Арасында біздің президент те бар. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы сапарында рекорд орнатқан. Тәулігіне 30-ға жуық келіссөз жүргізіп, кездесуге қатысыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде