2024 жылы сән-салтанат салығы енгізілуі мүмкін
Сән-салтанат салығы 2024 жылдан басталуы мүмкін. Ол үшін келер жылдың аяғына дейін Салық кодексін әзірлеп Мәжіліске өткізуіміз керек дейді қаржы министрі.
Автор: Елдос Есенбол
21.09.2022
Егер 2023 жылдың аяғында заң қабылданып үлгерсе, 2024 жылы
1-қаңтардан бастап қолданысқа енеді. Сән-салтанат салығы туралы егжей-тегжей сонда жазылады. Орта тап өкілдеріне қатысы жоқ, мемлекет басшысы 1-қыркүйектегі Жолдауында тек қалталы байлардың аса бағалы мүлікіне арналған сән-салтанат салығы туралы айтылған. Салықтың жайын былай қойғанда Жамаубаевтың бас қатырар шаруасы жетерлік. Күні кеше ғана оның ведомствасы жемқорлық фактісі ең жиі тіркелген министрліктердің тізімін бастады.
Бас прокуратураның дерегінше, жыл басынан бері қаржы министрлігінің 33, қорғаныс министрлігінің 22, ауыл шаруашылығы мен мндустрия министрліктерінің 16 қызметкері бармақ басты, көз қыстымен ұсталған. Ерұлан Жамаубаев бұл статистиканы өзі басқаратын ведомстваның үлкендігімен байланыстырып, қол астындағыларды ақтап алуға тырысты.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
- Өздеріңіз білесіздер, әкімшілік қызметте істейтін министрліктер ішіндегі біздің министрлік ең үлкені. Егер құқық қорғау органдарын алмайтын болса, қаржы министрлігінің қызметкерлері бүкіл мемлекеттік қызметкерлердің 25 пайызын құрайды. Егер сол статистикаға бөлсек. адам басына шағып қарасақ. біз бірінші орында тұрмаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!