{metadescription}
Атырау: Көкарналықтар иттердің панажайды көшіруді талап етті
Атырау: Көкарналықтар иттердің панажайды көшіруді талап етті

Атырау: Көкарналықтар иттердің панажайды көшіруді талап етті

Ұлыған иттен ұйқы бұзылды. Атыраудағы Көкарна ауылының тұрғындары иттерге арналған панажайды басқа жаққа көшіруді талап етті. Өйткені ол жер ауыл ішінде орналасқан. Панажайдағы 200-ден астам ит ұлып, үріп, тұрғындарға тыныштық бермейді екен. Тазалық талаптары да сақталмай, жағымсыз иіс жайлап кетті дейді жиналғандар.

Атырау қаласындағы Көкарна ауылы. Төрт жыл бұрын  тұрғындардың келісімінсіз тұрғын үйлер арасына иттердің панажайын көшіріп әкелген. Содан бері күні-түні ұлыған, үрген, қаңғыған иттен бәрінің берекесі қашыпты. Сондықтан бұл жердің жабылуын талап етіп тұрғындар ит қамайтын базаға басып кірмекші болды. Сөздерінше, мұндағы мақұлықтарға еш жағдай жасалмаған. Панажай ешқандай санитарлық талапқа сай келмейді жиналғандар.

Айнұр Есдәулетова, Көкарна тұрғыны:

- Мына жерде тұрмақ түгілі, өмір сүрмек түгілі, қасынан өту қорқынышты. Айналасы шұрықтесік. Арғы жағы үрген иттер. Балаларымыз өтіп жатыр. Сабақтан кетіп бара жатқан келе жатқан бар. Өмірімізге қауіп төніп тұр. Ешкім еш жауап бермейді.

Зейнеп Қожаниязова, Атырау тұрғыны:

- Шыны керек, мұның іші қоқыс. Көріңіздер. Ешқандай панажай емес. Талабымыз – көшірсін.  

Наразы жұрт айқай-шумен әкімдік өкілдерін ертіп иттер қамалған базаға кірді. Бұл панажай «Доброе сердце» Қоғамдық қорына қарасты екен. Ішінде 200-ге жуық ит бар. Абалап үргенде ауылды басына көтерді дейді жиналғандар. Ал айналаға тараған жағымсыз иіс қолқаны қабады. Наразы тұрғындар иттерді басқа жаққа көшіруді талап етті.  Осы мәселе бойынша бүгін қала әкімі жиын жасап, иттерге арналған панажайды қала сыртына шығаруға уәде берді.

Мейірім Қалауи, Атырау қаласының әкімі:

- Шұғыл көшірейік. Қара өзен жерерін кеңейтуді сұрап отыр. Кеңейтілсін.  

Бұл шешіммен ит бағушылар да келісті. Бірақ олар үлкен қауіп қамалмаған  қаңғыбас иттерден дейді.

Венера Манасова, қоғамдық қор жетекшісі:

- Біз де халықты түсінеміз. Ит болған соң, үреді, ұлиды. 120 ит бір жерде. Оған далада жүрген ондаған ит келеді. Тұрғындардың мазасын алады. Бәрін түсініп отырмыз. Балалары үшін қорқады. Бірақ адамдарды біздегі байлаулы иттер емес, шуға келген иттер мазалайды.

Осылайша елдің мазасын алған иттердің панажайы қала ішінен шұғыл көшірілетін болды. Бірақ мақұлықтарды емдеп-бағып отырған Қоғамдық қорға қала қазынасынан қаржы бөлінбейді. Барлығы еріктілердің күшімен істеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде