Кезектен тыс президент сайлауы 20-қарашада өтеді
Кезектен тыс президент сайлауының нақты күні белгілі болды. Аса маңызды саяси науқан 20-қарашада өтеді. Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Үндеу де жасады.
Автор: Елдос Есенбол
21.09.2022
Онда биыл елімізде болған нақты өзгерістер мен саяси реформаларға тоқталған. Президент алдағы сайлаудың тәртібіне тоқталып, мемлекет басшысы ретінде заңға сәйкес әділ өтуіне кепілдік берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Осы науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әлауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Көп ұзамай қоғамға сайлау алдындағы тұғырнамамды ұсынамын. Онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылады. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз. Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!