{metadescription}
0:000:00
Мәулен Әшімбаев: Ресейліктердің кіруіне шектеу қоюға құқымыз жоқ

Мәулен Әшімбаев: Ресейліктердің кіруіне шектеу қоюға құқымыз жоқ

«Ресейліктердің кіруіне шектеу қоюға құқымыз жоқ». Көрші елдегі ішінара мобилизациядан кейін осы елдің азаматтары Қазақстанға үдере көшіп жатыр деген ақпаратқа Сенат спикері осындай пікір айтты. Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, мемлекеттер арасында заңды келісімшарттар бар, оны бұзуға болмайды.

Мәулен Әшімбаев, Сенат спикері:

- Ресей де, Қазақстан да Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекет. Біздің арамызда келісімдер, шарттар бар. Соларға сәйкес, егер де Ресей азаматтары біздің территориямызға келеміз десе, оған  шектеу қоюға құқымыз жоқ. Сол себепті ары қарай болатынын көреміз. Бұл жерде осы қақтығысқа қатысып жатқан тараптар бір мәмілеге келіп, бір шешімге келеді деп сенеміз.

Күні кеше Ресей билігі ішінара мобилизация жариялаған болатын. Мобилизация кезінде Ресей азаматтары келісімшартпен әскери қызметтен өтушілердің мәртебесін алады және солармен бірдей төлемақыға ие болады. Алайда бұл іс-шара елде жаппай дүрбелең туғызып жатыр. Мәскеуден бастап, бірнеше қаласында қарсылық акциялары өтті. Әскер қатарына қосылғысы келмейтіндердің көбі өзге елге кетуде. Ресейліктер бағыт алған елдердің бірі – Қазақстан. Әлеуметтік желіде арнайы чаттар да ашылған.

Сенаторлар бүгінгі отырыс алдында желіні бір шолып шыққандарын, жағдайдан хабардар екенін тілге тиек етті. Спикер Әшімбаев: мобилизация –  Ресейдің ішкі мәселесі деді. Біра, көші-қон мәселесін Қазақстандағы құзырлы органдар бақылауда ұстап отыр деп сенеді. Біздегі заңнамаларға сәйкес, Ресей түгілі, басқа елден қазақ жеріне шетел азаматы келгісі келсе, оған ықтиярхат оңайлықпен берілмейді.

Мәулен Әшімбаев, Сенат спикері:

- Егер кез келген азамат Қазақстанның мемлекеттік органдарына келіп тұруға ықтиярхат сұраса, онда дайындауға тиіс құжаттар тізімі бар. Бұл құжаттардың ішінде ол адам келген мемлекеттің келісімі туралы тармақ бар. Бұл біздің заңдарда анық жазылған. Егер мемлекет азаматқа кетуге рұқсат бермей, бірақ ол бір амалын тауып келсе, Қазақстан оған тұруға ықтиярхат бере алмайды. Соны түсіну керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде