{metadescription}
Оралда жеке клиника мен көпқабатты үй тұрғындары қырқысып жатыр
Оралда жеке клиника мен көпқабатты үй тұрғындары қырқысып жатыр

Оралда жеке клиника мен көпқабатты үй тұрғындары қырқысып жатыр

Оралда жеке клиника мен көпқабатты үй тұрғындары қырық пышақ болып қырқысып жатыр. Жұрттың сөзінше, медициналық мекеме жаңа корпус соғамын деп, гараждардың қабырғасына зақым келтірген. Енді көлік тұрақтарының іргесі опырылып құлауға шақ тұр.

Қабырғасы қақыраған нысандарды тұрғындар қалпына келтіріп беруді талап етуде. Көпқабатты үйге тиесілі 30-ға жуық гараж бар. Тұрғындар сол жерге көлігін қоятын. Ал бір ай бұрын медициналық орталық жаңа нысан көтеруді ұйғарып іске кіріскен. Бұқара құрылыс жұмыстары кезінде машина тұрағына зақым келіп қирап қала жаздады дейді.

Данияр Ғалиев, Орал тұрғыны:

- Гаражымның қабырғасы жарылып кетті. Олар маған қалпына келтіріп береміз, уайымдама деген еді. Бір ай өтті, әлі сол қалпы тұр. Мен бұларға сенбеймін. Түбінде өзім жөндейтін сияқтымын.

Клиника басшылығы гаражға кіретін негізгі қақпаны да жауып тастаған. Сөйтіп көпшілікке басқа жермен жүруді бұйырыпты. Бірақ жұрт шулап кеткен соң, райынан қайтқан. Алайда тұрғындар бұл жағдай тағы қайталануы мүкін деп қорқады.

Қымбат Аманқұлова, Орал тұрғыны:

- Бұл кісілер бізді әбден шаршатты. Бізге қолдануға қалдырған жолынан көлік бұрылмақ түгілі, сыймайды да. Ылғи өз білгенін істейті. Осында тұрамыз, күнде жүрміз, ақылдасса болады ғой. Өзі би, өзі қожа.

Дауласқан жұрттың арасына алып-ұшып клиника басшылығы да жетті. Ол тұрғындардың құқығын шектеу ойымызда жоқ дейді. Керсінше, абаттандыру жұмысын жүргізіп, айналаны көріктендірмек екен. Қоқыстан тазартып, тіпті жол салып береміз дейді. Құрылыс кезінде зақым келген нысандар да жөнделеді деп сендірді.

Александр Евдокимов, «Талап» АҚ басқарушы директоры:

- Біз мынаның бәрін шығарып, жерді тегістегіміз келді. Ешқандай проблема жоқ. Қалпына келтіріп береміз дедік пе, оны орындаймыз. Құрылыс жұмысы жүріп жатыр, шыдам танытыңыздар. Уәде бердік, ол орындалады.

«Сөзімде тұрамын» деген басқарушы директор бүлінген нысандарды қалпына келтіру қашан аяқталарын дөп басып айтпады. Ал тұрғындар ол тағы да алдап кетеуі мүмкін деп күдіктенеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде