{metadescription}
Алматы облысы: Қосөзен тұрғындары жол азабын тартып отыр
Алматы облысы: Қосөзен тұрғындары жол азабын тартып отыр

Алматы облысы: Қосөзен тұрғындары жол азабын тартып отыр

«Жаңбыр жауса лайға батып, күн шықса шаңға тұншығамыз!» Алматы облысы Қосөзен ауылының тұрғындары осылай шу шығарды. Айтуларынша, олар тұратын көшеге қанша айтқанмен, асфальт жоқ.

Соның салдарынан зардап тартып отырмыз дейді. Жергілікті әкімдік бұл мәселеге қатысты не дейді?

- Қосөзен ауылында көлікпен жүре алмаймыз. Қазір жаңбыр жоқ болса да, көлігіміздің жүргізетін бөлігі істен шығып жатыр.

Димаш Абдуллин ойқы-шойқы жолдан көлігі әбден діңкелегенін айтады. Ауық-ауық бұзылады. Бейімбет Майлин көшесіндегі өзге тұрғындар да осы Димаштың кебін киген. Үйіне апарар жалғыз көшеге әлі күнге асфальт түспегеннен, жол азабын күнде көреді. 

Нахия Ахметқызы, Қосөзен тұрғыны:

- Міне, қиналып жүргенімізге бірталай жыл болды. Мына жерден балалар шыға алмайды. Тастан сүрініп құлаймыз. Аяғымызды да шығарып алып отырмыз. Мына жерде жол жоқ. Басқа көшеде салып кетті. Көшеміз Майлин атында. Кеше салады деп еді, әлі жоқ, күте-күте шаршадық.

Бұл көшемен көлік өтсе, айнала шаңға бөгеді. Тынық күндегі көрініс осы. Ал жаңбыр жауса, батпаққа бататын жолмен жүру мұңға айналады дейді. Әсіресе оқушыларға қиын. Жаяу-жалпы мектепке жеткенше әуреге түседі.

Жазира Бейсембаева, Қосөзен тұрғыны:

- Оқушылар сабаққа барғанда жолда жүре алмайды. Үлкен кісілер бар. Батпақ, жол мәселесі шешілмей жатыр. Үлкен кісілер жүреді. Машинамен жүре алмаймыз. Машиналар сынып жатыр. Шаң болады. Мысалы, оқушыларды мектепке жібереміз, баланың үстібасы шаң.

Әмірбек Әбенов, Қосөзен тұрғыны:

- Лай болған соң өте алмаймыз. Балаларды мектепке апару үшін айналып баруымыз керек. Ал мына жақта жол жоқ. Үй салып тастаған. Қоршап жауып тастаған, енді айналып барып жатыр.

Жергілікті әкімдік дерегінше, Майлин көшесінде ресми 28 үй тіркелген. Жаңа баспаналар әлі бой көтеріп жатыр. Атқамінерлер бұл проблемадан хабардар. Жыл аяғына дейін бір жақты қыламыз деп сендіреді.

Айдос Ташенов, Қараой ауыл округінің әкімі:

- Ол көшеге былтыр смета жасағанбыз. Қазір конкурстық жұмыс жүріп жатыр. Конкурс өткеннен кейін ол жерге тас, құм төселеді. Өйткені асфальт салуға әлі ерте. Келесі жылы біз ол жақтың құбырын ауыстырсақ деп жоспарлап отырмыз.

Қосөзендіктерге биыл төселетін тас, құмды қанағат етуге тура келеді. Ал көрші көшелердегідей тегіс асфальт тек құбыр жаңартылған соң, келер жылы төселеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.