{metadescription}
Елімізде туберкулез диагнозымен 10 мыңға жуық науқас тіркеуде тұр
Елімізде туберкулез диагнозымен 10 мыңға жуық науқас тіркеуде тұр

Елімізде туберкулез диагнозымен 10 мыңға жуық науқас тіркеуде тұр

Елімізде туберкулез диагнозымен 10 мыңға жуық науқас тіркеуде тұр. Оның 70 пайыздан астамы қоғамға қауіпті емес. Әлеуметтік осал топтың ауруы саналатын індетпен күресті Ковид пандемиясы қиындатты. Қос ауру да қос өкпеден алатындықтан короновирус таралғалы Кох таяқшасын жұқтыратындар саны әлем бойынша артты.

Соңғы статистикаға сенсек, туберкулезден жылына дүниежүзінде 1 жарым миллион адам бақилық болады.

Алматыда өтіп жатқан «Туберкулез індетін Орталық Азияда жою» атты алтыншы халықаралық конференциясында мамандар дерттің таралмау жолдарын талқылауда. Ақ халаттылардың айтуынша, елімізде кеселмен күрес барынша қолға алынған. Құрт ауруымен ауыратындардың көбі 25-пен 50 жас аралығындағы адамдар. Қазір соңғы технологиямен індеттің бар жоғын екі сағаттың ішінде анықтауға болады екен. Ол үшін 148 аппарат жүйелі түрде жұмыс істеп тұр.

Негізі туберкулезге қарсы екпе сәби туылғаннан кейін екі-үш күн өте салынады. Ал 2017 жылдан бастап оның 4 түрі шыққан екен. Бұған қоса, ай сайын індетпен күресуге бюджеттен 1,8 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаражат әр науқастың еміне ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде бекітілген. Сондай-ақ, туберкулезді емдеу, диагностикалау ауруханаларда тегін жүргізіледі.

Мәлік Әденов, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры:

- Жаңа технологияларды қолданғанның арқасында біз туберкулезді ерте анықтап отырмыз. Жаңадан басталған кезінде. Ол кезде туберкулездің басқаға жұқтыру мүмкіншілігі жоқ. Қазір дүниежүзінде бірнеше зертханада осындай мәлімет бар. Жаңа вакциналар іздестіріп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сол тиімді вакцина екенін дәлелдеп, басқа елдерге енгізуге өзінің ұсынысын берсе, біз оны елімізге ендіруге дайынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде