{metadescription}
Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға соттауды сұрады
Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға соттауды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға соттауды сұрады

Астанада Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот ісі жалғасып жатыр. Бүгін мемлекеттік айыптаушы оны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеуі керек деп есептейді прокурор.

Сотталушының мүлкін тәркілеп, Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі генерал-майор шенінен, ордендерінен айыру туралы ұсыныс та айтылды.

Бұған дейін белгілі болғандай, "Қазақтелеком" мен белгілі кәсіпкер ортақ келісімге келді – миллиардтаған шығын да қайтарылатын болған.

Айта кетейік, сот отырысы өткен жұмада басталды. Қайрат Сатыбалды Қылмыстық кодекстің "Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру", "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" баптары бойынша айыпты деп танылған. Одан бөлек, салықтан және кеден төлемдерінен жалтарды деген күдікпен де тергеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде