Атырауда жол құрылысы толық тоқтап тұр, себебі ...
Атырауда жол құрылысы толық тоқтап тұр. Өйткені битум мен қиыршық тас жоқ. Ол аздай, өңірде жол салуға ешбір компанияның құлшынысы жоқ екен. Құрылыс материалдары тым қымбат дейді олар.
Автор: Жанат Молдашова
22.09.2022
Асқар Әбдіров, «АтырауИнжСтрой» компаниясының вице-президенті:
- Қазақстанда шығатын битум жетпей жатыр. Қазір басқа жақтан да қарастырып жатыр, Беларусь жақтан алуға. Қыркүйектің аяғында жолдар комитеті өзі бөлек кетеді деп естіп жатырмыз. Соған енді сенеміз, дұрысталады деп. Құрылыс материалдары, біздің техникамыз, жұмысшыларымыз бәрі жеткілікті.
Құрылыс материалдарының тапшылығынан Атыраудағы тозығы шыққан орталық көпір де әлі жөнделмеген. Осыдан екі жыл бұрын оны жөндеуге 920 миллион теңгеге тендер жарияланған. Алайда ешбір мекеме ниет білдірмеген. Ал қала ішіндегі 20 шақырымға жуық жолды жөндеуге жергілікті бюджеттен бір жарым миллиард, республикалық қазынадан 10 миллиард теңгеден астам ақша бөлінген. Алайда басталған жұмыс көп ұзамай түгелімен тоқтап қалды. Соның салдарынан көшелерде кептеліс болып, жолдардың шаңы шығып жатыр. Десе де әкімдіктегілер құрылыс материалдар кешіккенімен, жөндеу жұмысы уақытында аяқталады деп сендірді.
Ержан Хайноллаев, Атырау қаласы ТКШ және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары:
- Мердігер мен тапсырыс берушінің арасындағы келісімшартқа сәйкес уақтылы жүргізілуде. Алайда тұрғындардың арыз-шағымын ескеріп және әлеуметтік желідегі көптеген шағымын да ескере отырып, осы жылы «Әуезов», «Азаттық» және «Сырым Датовтың» 800 шаршы метр жолын ашу көзделуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!