{metadescription}
Елімізде қанша азамат сайлауға қатыса алады?
Елімізде қанша азамат сайлауға қатыса алады?

Елімізде қанша азамат сайлауға қатыса алады?

Қазақстанда 11 миллион 827 мың адам сайлауға қатыса алады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы республикадағы сайлаушылар санын жариялады. Демек сайлау құқы бар 12 миллионға жуық адам, 20-қарашада өз таңдауын жасайды.

Өңірлер арасында Түркістан және Алматы қаласында бір миллионнан астам сайлаушы бар екен. Одан кейін Алматы, Қарағанды облыстарында дауыс беретін ада саны басқа өңірге қарағанда көп. Ал Астана қаласында 731 мың адам сол күні сайлауға келе алады.

Жалпы елде кезектен тыс президент сайлауына 11 миллионнан астам азамат қатысуға мүмкіндік алмақ. Бұл тізім осы жылдың қаңтары мен шілде аралығында жасақталған. Тек алдын ала тұрғылықты жер бойынша бекіту парағын алса болды. Тіркелу орны бойынша сайлаушылар тізіміне қосылуын сайт немесе әкімдіктің CALL-орталығы арқылы тексеруге болады. 2022 жылдың 4-қарашасынан бастап сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы мәліметті тексере аласыз.

Константин Петров, ОСК төрағасының орынбасары:

- Егер азамат өзінің тұрған жерін ауыстыруды жоспарламаса және өзгертпесе, онда оның сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеруді қоспағанда, оған ешқандай әрекет жасаудың қажеті жоқ. Жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалар туралы дерек бойынша оны автоматты түрде қосады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде