Пәтерін ресейліктерге жалға бергендер Көші-қон полициясын ескертпесе – айыппұл
Ресейліктерге баспанасын жалға бергендер үш күнде Көші-қон полициясын ескертуге тиіс. Олай етпеген жағдайда 300 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Қазір Ресеймен шекаралас аймақтардың қонақ үйлерінде бос орын жоқ.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.09.2022
Әсіресе Павлодарда. Сондықтан жергілікті билік өкілдері мобилизациядан кейін елінен кеткендерді жатын орынмен қамту үшін сауықтыру орталықтары басшыларымен келіссөз жүргізіп жатыр.
Үйіңді реселіктерге жалға бергеніңді құзырлы орындарға ескертуді ұмытсаң, қомақты айыппұл төлейсің. Үш күнде жалға алушылардың тізімін беру қажет. Бұл туралы шенеуніктер мәлім етті.
Өңірге айналасы жеті күнде 13 мыңға жуық мигрант келіп үлгерсе, тең жарымы осында қалған. Енді оларды жатын орынмен қамту қиындық туғызып жатыр. Өйткені қонақ үйлерде бос орын жоқ.
Олег Круг, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:
- Мұндай халық нөпірін ешкім күткен жоқ. Бір күнде қонақ үйлерді тұрғыза алмайтынымыз белгілі. Ал қаладағы ресми тірекеуде бар қонақ үйлердің бәрі 98 пайызға толды десе болады.
Хостел мен кемпингтерде бос орындар бар, бірақ көп емес. Жергілікті билік тығырықтан шығу жолын қарасытырып жатыр. Олар сауықтыру кешендерінің басшыларымен келісімге келуге тырысуда. Сөйтіп көрші елден келгендерді сонда жайғастырмақ. Тіпті жұмыспен қамтуға да уәде беріп отыр. Ал полицелер шетел азаматтары өзін жаман қырыннан көрсеткен жоқ дейді.
Жасқайрат Қайыров, Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары:
- Біз жағдайды бақлыуда ұстап отырмыз. Шетел азаматтары көптеп келіп жатқанын білесіздер. Ресейліктер оғаш қылығымен көзге түспеді, яғни олардың тарапынан әзірге ешқандай заңбұзушылық болған жоқ.
Ресей азаматтарының қалтасын қағуға бейім пысықайлардың бары жасырын емес. Петропавлдық шенділер ондайларға алданбаудың жолын тауыпты. Яғни аймаққа табаны тиген азаматтарға еріктілер ескертпе парақтарын таратып жүр. Онда ең маңызды әрі қажет мәліметтердің тізімі бар.
Қазақстанға келген адамға ескертпе парағы аудай қажет. Мұнда шетел азаматтарының не істеу керектігі. қайда баратыны тәтпіштеп түсіндірілген. Еріктілер бұл бастама көрші елден келгендерге көмек боларына бек сенімді. Аймаққа әлі де көрші ел азаматтары ағылып жатыр. Мұнда да негізгі мәселе – жалға берілетін пәтерлер тапшы. Бары ақысын аспандатып жіберген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!