{metadescription}
Digital Bridge: Электронды цифрлық қолтаңба QR кодпен шешілетін болды
Digital Bridge: Электронды цифрлық қолтаңба QR кодпен шешілетін болды

Digital Bridge: Электронды цифрлық қолтаңба QR кодпен шешілетін болды

Енді өзіңізбен электронды цифрлық қолтаңбаңызды алып жүру міндет емес. Себебі, шаруаңыз QR код арқылы шешіледі. «Азаматтарды осылайша артық жүрістен арылтуды жоспарлап отырмыз» дейді цифрлық даму министрі  Бағдат Мусин. Ал министрліктің бұл бастамасын жүзеге асыруға ірі компаниялар қазірден дайын.

Digital Bridge – IT форумы Қазақстанда биыл төртінші рет өтіп жатыр. Бұл ең ауқымдысы. Ынталы үлкен-кішінің басын қосқан. Әрқайсы өз өнімін көрсетіп қалуға тырысуда. Электронды үкіметтің жаңалықтарын Бағдат Мусин жеткізді. Министрдің айтқанынан көпке ұнағаны–  электронды цифрлық қолтаңба. «Себебі, дәл осы қызметті меңгеремін деп, әр қазақстандық IT маманына айналып кеткендей», - дейді Бағдат Мусин.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- «Егов мобайлдан» QR қол қою батырмасын басып,  оны QR кодқа бағыттау арқылы цифрлық қолтаңбаңызды қойып аласыз. Яғни енді компьютерде, флешкада сақтап, өзіңізбен алып жүрудің қажеті жоқ. «Егов мобайлға» тіркелген сәтте біз автоматты түрде сізді сақтандырып қоямыз.

Ал министрліктің бұл бастамасына қолдау көрсетіп, сәтті жүзеге асыруға қауқарлы компаниялар жеткілікті. Солардың бірі – «Каспи.кз» қосымшасы. Елдегі QR төлемді кеңінен қолданысқа енгізген де осы ұжым. Бұл қосымшаны күн сайын 7 миллиондай азамат қолданады. Ұжымның өз қолданушыларына жағымды жаңалық көп.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушы:

- Жақында ғана жаңа қызметті іске қостық. Ол – жүргізуші куәлігін ауыстыру. Үш айға жуық уақытта 22 мың азамат қызметтің бұл түрін қолданып үлгерген. Жалпы есеппен алғанда бұл әр бесінші жүргізуші.

Жалпы айтқанда бүгін бас қосқандардың басты мақсаты – азаматтарды қағазбастылықтан, ұзын-сонар кезектен арылту. «Цифрлық технологияның дамуына жаңа серпіліс беруі керек» деген форум ертең де жалғасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде