{metadescription}
Баспана салуға тендерді жеңген компаниядан пара сұрап сотталды – Орал
Баспана салуға тендерді жеңген компаниядан пара сұрап сотталды – Орал

Баспана салуға тендерді жеңген компаниядан пара сұрап сотталды – Орал

Оралда аса ірі көлемде пара алуға ұмтылды деп айыпталған құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы Арман Өксікбаев 11 жылға сотталды. Тергеу мәліметінше, ол баспана салуға тендерді жеңген компания басшысынан өз үлесін талап еткен.

Асланбек Дүйсенғалиев, судья:

- «Шалқар Пром Холдинг»  ЖШС-нің басшысы Нұрғалиевтан екі көп пәтерлі үй салуға тендерді жеңуге көмектескені үшін 170 миллион теңге талап еткен. Сонымен қатар құрылыс аяқталғанда нысанды кедергісіз қабылдауға уәде берген.

46 жастағы Арман Өксікбаев құрылыс бөлімін 2020 жылдан бері басқарады. Тергеу мәліметінше, ол 2021 жылы құрылыс компаниясы басшысынан 170 миллион теңге талап еткен. Келісім бойынша 130 миллион теңге ақшалай, қалған 40 миллионына су жаңа трактор берілуге тиіс болыпты. Тергеуде Өксікбаев осы соманың 4 миллион теңгесін ғана алып үлгергені анықталды. Оның үйін тінткен кезде сол ақшаның 3 жарым миллион теңгесі табылған. Талап еткен соманың барлығы түрлі себеппен оның қолына тимепті. Сондықтан пара беруге итермеледі деген баппен оған 11 жыл жаза кесілді. Кәсіпкер мен шенеуніктің арасында делдал қызметін атқарған Александр Нагметов 8 жыл арқалады. Екеуі де жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Бірақ олар тергеу кезінде қысым көргенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

- Келіспеймін! Мені жасамаған ісім үшін соттады. Сот үкімімен келіспеймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде