{metadescription}
Құрылтай: Шет елдерде қанша қандасымыз тұрып жатыр?
Құрылтай: Шет елдерде қанша қандасымыз тұрып жатыр?

Құрылтай: Шет елдерде қанша қандасымыз тұрып жатыр?

Дүниежүзі қазақтары құрылтайына биыл 30 жыл. 1992 жылы алғаш рет Алматыда өткен жиынның мақсаты –  шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқасүйер іргелі елі барын таныту еді. Содан бері дәстүрінен жаңылмаған форум бүгін астанада жалғасын тапты.

Әлкей Марғұланұлы, Н.Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары:

- Қазір көптеген өзгеріс болып жатыр. 30 жылда ел өзгерді. 30 жылда әлемдегі қазақтарда жаңа ұрпақ қалыптасты. Ол жаңа ұрпақ өз Отанынан алыста болмас үшін, қазақ өзінің түбірінен алыстап кетпес үшін қандай шаралар қабылдауымыз қажет? Бұған тек іштегі қазақтардың пікірі емес, сонымен қатар әлемнің түкпірінде өмір сүріп жатқан қазақтардың тәжірибесін, олардың ойпайымын ескере отырып, ортақ ұсыныстар жүйесін қалыптастыру керек.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ақпаратына сенсек, қазір республикамыздан тыс жерде 5 миллионнан аса қандасымыз тұрады. Ең үлкен қазақ диаспоралары Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытайда шоғырланған. 

Шетелдегі қандастарымыздың әлеуметтік жағдайы, замана көшіне ілесуі тек мемлекеттің емес, үкіметтік емес ұйымдардың негізгі мақсат-мүддесі болуы керек дейді  ұйымдастырушылар.

Назарбаев қоры мұрындық болған форум жаһандық саяси оқиғалар, экономикалық ахуалға қарамастан, бірлікті ту етуді насихаттап отыр. Халықаралық форумға алыс-жақын шетелдегі ұлтымыздың өкілдері  арнайы келген. Сондай-ақ онлайн қатысуға да мүмкіндік жасалған.

Ертолқын  Гайнетуллах, KATEAD қазақ қауымдастығы ұйымының жетекшісі:

- Біз өзі шетте тұрғанда Қазақстан аман болсын деп, салтдәстүрімізді, диаспорада бірлігімізді қорғап отырып, қазақша-түрікше кітаптар, журналдар шығарып, бағдарламалар жасап, қазақтың салт-дәстүрін танытып, қарым-қатынасты, байланыстарды көбейтейік деп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде