{metadescription}
Еліміздегі ресейліктерге ЖСН sms арқылы жіберіледі
Еліміздегі ресейліктерге ЖСН sms арқылы жіберіледі

Еліміздегі ресейліктерге ЖСН sms арқылы жіберіледі

Қазақстанда жеке сәйкестендіру номірін алу тәртібі жеңілдетілді. Бірақ бұл жаңашылдық ресейліктерге ғана қатысты. Енді көрші елдің азаматтарына дайын болған ЖСН SMS-хабарламамен жіберіледі. Сондықтан олар Халыққа қызмет көрсету орталығына бір-ақ рет барып өтініш жасаса жеткілікті.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Біз кезек мәселесін шештік. Енді жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін өтініш тастаған азаматтарға екінші мәрте орталыққа келудің қажеті жоқ. Бұдан былай ЖСН әр адамның телефон номеріне 1414 қызметі арқылы жіберілетін болады. Бұл өз кезегінде Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен шетел азаматтарының уақытын үнемдейді. Орталыққа ағылған адамдардың нөпірі азаяды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бір аптада Ресейден 98 мыңға жуық адам шекара асып  Қазақстан аумағына келген. Олардың барлығы жеке сәйкестендіру нөмірін алуға асығып жанталасуда. Екі күн бұрын ЖСН алуға 13 мың адам өтініш жолдапты. Сондықтан еліміздің сегіз өңіріндегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшкен еді. Тіпті Астана, Алматы сынды ірі қалаларда тек Ресей азаматтарына ЖСН беретін қосымша орталықтар ашылды. Мұндай орталықтардың алдында апта басынан бері ұзын-сонар кезек. Өйткені бұл құжатсыз өзге мемлекеттің азаматтары банк операцияларын орындап төлем жүргізе алмайды. Жеке сәйкестендіру нөмірінсіз елде жұмысқа орналасу мен жылжымайтын мүлік сатып алу да мүмкін емес. Ал заңға бағынбай тәртіп бұзған шетелдіктер ЖСН арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде