{metadescription}
Ұн қымбаттап, нан өнімдерінің құны да шарықтап бара жатыр
Ұн қымбаттап, нан өнімдерінің құны да шарықтап бара жатыр

Ұн қымбаттап, нан өнімдерінің құны да шарықтап бара жатыр

Елімізде тағы да ұн қымбаттады. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ұнның бағасы 41 пайызға өскен. Соның салдарынан нан өнімдерінің құны да шарықтап бара жатыр.

Алайда сарапшылар маусым айынан бастап қыркүйектің соңына дейін өзге елдерге астық өнімдерін экспорттауға тыйым салынып, жүргізілген квотаның арқасында бағаны ауыздықтай алдық деп отыр.

Елімізде ұнның құны да ет пен майдан қалыспай күннен-күнге қымбаттап жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда ұн биыл 41 пайызға бір-ақ көтерілген. Бұл өз кезегінде нан өнімдерінің бағасына да тікелей әсер етіп жатыр дейді кәсіпкерлер.

Балнұр Бердімұратова, кондитерлік дүкеннің басшысы:

- Биыл кондитерлерге өте қиын болып жатыр. Сәуірмамыр айларында ұн, қант, жұмыртқа бағасы аспандап кетті. Міне, тағы да соңғы айда 5 пайызға ұн қымбаттап отыр. Соның өзінде бағаны тұрақты ұстап тұруға барымызды салып жатырмыз. Алайда ол өзөзін ақтамайды. Ұнды қап-қабымен сатып алатындықтан, көп қаражатты соған жұмсаймыз.

Ал сарапшылар елімізде маусым айында жүргізілген квотаның арқасында баға біршама тұрақталғанын айтады. Сондай-ақ қамба астыққа толған күзгі уақытта қымбатшылық болмауға тиіс деп санайды.

Кирилл Павлов, сарапшы:

- Ұнның қымбаттауына еліміздегі дәнді дақылды экспорттауға тыйым салу немесе шектеу әсер етті деп ойламаймын. Біріншіден, бидайды өсіретін әрбір шаруа ішкі нарыққа белгілі бір бөлігін өткізіп отыруға тиіс. Қазір жүргізілген квотаның арқасында диірменшілер өзіміздің бидайды тек ел ішінде ғана өндеп, сатумен айналысуда. Қазір қымбат бағада сатып жатқандар былтырғы өнімдерін өткізіп жатса керек.

Республика бойынша ең қымбат ұн Павлодар облысында. Одан кейін қымбатшылық жетісулықтарды да қыса бастаған. Сондай-ақ үштікке Батыс Қазақстан облысы кіреді. Energyprom мәліметінше, аталған аймақтарда ұн  бағасы 13 пайызға дейін өскен. Алайда астық өндірушілер одағындағылар баға 10 пайызға арзандады дейді.

Әлихан Талғатбек, Қазақстан астық өндірушілер одағының президенті:

- Осы жылы бәріміз білетіндей, ұн бағасы айтарлықтай қымбаттады. Оған ең алдымен бидай құнының бір жарым есеге өсуі себеп. Енді бір айдан бері өзіндік құны түскеннен кейін ұнның да бағасын төмендетіп жатырмыз. Тамыз айынан бері ұнның бағасы 10 пайызға дейін төмендегенін байқауға болады. Алдағы уақытта да баға түседі деп ойлаймыз. Оған ең алдымен алқаптағы астық құнының арзандауы себеп.

Ұн мен нан бағасы төмен үштіктің қатарына Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Елімізде осы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 2 миллион тонна дақыл өндірілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде