{metadescription}
Екпені шатастырған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды – Ақтөбе
Екпені шатастырған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды – Ақтөбе

Екпені шатастырған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды – Ақтөбе

Ақтөбеде манту сынамасын БЦЖ екпесімен шатастырған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға жұмысына салғырт қарап, кәсіби міндетін дұрыс атқармағаны үшін айып тағылып отыр. Тергеуді бақылауды аймақтың бас прокуроры өз мойнына алған.

Қанат Қазмұханбетов, Алматы ауданы прокурорының орынбасары:

- Бірінші сыныптың 42 оқушысына манту сынамасының орнына БЦЖ берілген дерек бойынша ҚК 317-бабы 1-бөлігінде медициналық немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіп міндеттерін тиісінше орындалмауы көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар қазір аталған дерек бойынша уәкілетті органдармен тексеріс жүргізіліп жатыр.

Мейірбике дәрі салынған құтыны шатастырып алған. Тергеу кезінде ол сол күні басы ауырып сырқаттанып жүргенін айтыпты. Ампуланы ажырата алмағанын тек кейін аңғарған. Енді ата-аналар орта мектепке қызмет көрсеткен емдеу орталығын лицензиясынан айрыуды да талап етіп отыр.

Қазір мемлекеттік тапсырыс алған «Медикус» орталығымен келісімшарт бұзылды. Рауан ауылындағы мектеп оқушыларын тексеруге енді республикалық деңгейдегі комиссия келеді. Оның құрамына денсаулық сақтау министрлігінің комитет басшылары мен фармацевт, эпидемиолог мамандар кіреді. Балаларға шатастырылып салынған екпенің қаншалықты қауіпті екеніне қатысты баға беріп, сараптама жасайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде