{metadescription}
Ақтөбеліктен мыңға жуық киік мүйізі тәркіленді
Ақтөбеліктен мыңға жуық киік мүйізі тәркіленді

Ақтөбеліктен мыңға жуық киік мүйізі тәркіленді

Ақтөбе облысында жергілікті тұрғыннан мыңға жуық киік мүйізі табылды. 61 жастағы ақтөбелік оны сатып пайдасын көрмек болған.

Самара-Шымкент тас жолында 41 жастағы азамат тізгіндеген көлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өкілдерінің күдігіне ілігеді. Көлікті трассада тоқтатып жүк салғышын тексергенде қорапқа салынған мүйіздер табылды. Машинаның алдында отырған жолаушы оның өзіне тиесілі екенін айтқан. Күдіктінің үйін тінткен кезде тағы да киік мүйіздері табылды. Шетелге өткізетін делдалдар арқылы сатқысы келгенін де жасырмады. Енді осы әрекеті үшін кем дегенде 3 жылға дейін еркіндігі шектелуі мүмкін.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Полицейлер көлікті тексерген кезде 7 қорап тәріледі. Қораптың ішінде 765 дана киік мүйізі болған. Сонымен қатар ер адамның тұрғылықты жерін барып тексергенде 184 киік мүйізі тәркіленді. Барлығы 949 дана киіз мүйізі тәркіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.