{metadescription}
Қостанай облысында өрт сөндіруге атсалысқандар марапатталды
Қостанай облысында өрт сөндіруге атсалысқандар марапатталды

Қостанай облысында өрт сөндіруге атсалысқандар марапатталды

Ерлігі үшін! Қостанай облысында болған өртті сөндіруге атсалысқандар мемлекеттік наградамен марапатталды. Кейбіріне президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс жариялаған. Еңбегі еленген салтанатты шараға офицерлердің ата-анасы да ере келіпті.

Гүлбаршын Ахметқалиева:

- Балам Сұлтан Ахметқалиев Астана қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінің командирі. Ұйқымыз да болмады, қатты уайымдадық. Енді олардың жұмысы ғой. Елге көмектесу керек, оны да түсіну керек.

Кезекшілікте болған кейбір өрт сөндіруші түн ортасындағы дабылдан кейін бірден жолға шыққан. Олардың отбасын ойлайтындай уақыты болмады. Ал сол алапат өртте 43 мың гектар орман күлге айналды. 91 үй жанып кетті. 12 адам жараланып, бір адам өмірімен қоштасты.

Мемлекет басшысының жеке бақылауында болған төтенше жағдайдан кейін тұрғындарға бірден үй салына бастады. Министр Ильиннің айтуынша, қостанайлықтар қараша айында жаңа қонысына кіреді. Ырық бермеген алапат өртті өшіруге өзге өңірлердің өрт сөндірушілері де жұмылдырылған. Екі мыңнан астам теміржолшы, 225 техника барды. Ұшақ, тікұшақтармен әуеден 327 рет су шашқан. Техника мен адамның есепсіз күшінің арқасында сегіз күнде жалын басылды.

Өрттің неден басталғаны әлі белгісіз. Ал қысылтаяң шақта жанын шүберекке түйіп оттың арасында жүрген өрт сөндірушілердің жағдайын жасауға министрлік уәде берді.

Александр Флейтлинг, трактор жүргізуші:

- Мен Қарағанды облысында Майқұдық деген жерде 31775 әскери бөлімінде қамтамасыз ету батальонында тракторшы лауазымындағы қызметкері боламын. Командирлер бұйрық берген кезде, сағат түнгі он екіде, дабыл соққанда көтерілдік. «Тракторды соқасымен дайында» деген бұйрық келген болатын. Өрт қатты болды. Әсіресе орман жақта, ауыл жақ қатты жанды. Әрі кетсе, екі-үш сағат қана ұйықтайсың. Өрт жанып жатқанда, түнде ұйықтай да алмайсың.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде